Қызылорда облысында бірнеше күн бойы іздестірілген 6 жастағы Медина Мұратбекқызы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршіннің денесі Әйтек су торабынан ағыс бойымен шамамен 30 шақырым қашықтықтағы аумақтан анықталған. Сондай-ақ ақпарат көздерінің хабарлауынша, қыздың мәйіті Сырдария өзенінен табылған.
Оқиға орнына барған құтқарушылар баланың денесін судан шығарып алды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.