Қазақстан Армения қақпасына ғажап гол соқты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада 6 жасар қыз екінші тәулік іздестірілуде

Қызылордада 6 жасар қыз екінші тәулік іздестірілуде
Фото: madenietportal.kz

Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызын іздеу жұмыстары екінші тәулікке жалғасуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Полицияның мәліметінше, бүлдіршін 5 маусым күні кешкі сағат 18:30 шамасында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзеніне жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның жүрген жері белгісіз.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар мамандары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Мамандар іздеуді бірнеше бағыт бойынша жүргізіп, барлық қажетті күш пен техниканы тартуда.

Жоғалған кезде Медина ашық жасыл түсті, гүл бейнеленген футболка, ақ шолақ шалбар және көк түсті аяқкиім киген.

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Құзырлы органдар қыздың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды дереу полицияға хабарласуға шақырды. Өңір тұрғындары да әлеуметтік желілер арқылы ақпарат таратып, іздеу жұмыстарына қолдау көрсетуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.