Жаңа транзит: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда облысында жоғалған 20 жастағы жігіттің денесі құдықтан табылды

Қызылорда облысында жоғалған 20 жастағы жігіттің денесі құдықтан табылды
Құдық. Көрнекі фото: Sviatlana Lazarenka/Getty Images

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі құдықтан табылды. Оқиғаға байланысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт түнде үйінің ауласында жатқан. Таңертең оның жоғалып кеткені белгілі болған соң, туыстары өз бетімен іздеу жұмыстарын бастаған.

Бір тәуліктен кейін марқұмның денесі үйінен шамамен 400 метр жердегі су құбырына тиесілі құдықтан табылған.

Туыстары оның денесінде көгерген іздер болғанын, мойын тұсынан жіпке ұқсас белгі байқалғанын айтқан. Кейбір мәліметте мәйіттің көрпеге оралған күйде табылғаны көрсетіледі.

Құқық қорғау органдары күдікті ретінде марқұмның 15 жастағы туған інісін ұстаған. Ол сот санкциясымен қамауға алынған.

Алайда ата-анасы бұл нұсқамен келіспейді. Олардың сөзінше, жасөспірімнің ағасына қастандық жасағанына сену қиын.

Отбасы бұған дейін үйден ақша жоғалған жағдайлар болғанын айтып, қылмысқа өзге адамдардың да қатысы болуы мүмкін деген болжам білдірген. Олар істің жан-жақты әрі объективті тергелуін сұрап отыр.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Жас жігіттің нақты неден қаза болғаны және оқиғаға кімнің қатысы бары тергеу барысында анықталмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер