KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қызылордада түнгі клубта жаппай төбелес болды

• Мадияр
Астана, BAQ.KZ. 25 қараша күні түнде Қызылорда қаласындағы түнгі клубтардың бірінде жаппай төбелес болған. Бұл туралы NewTimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі today_kz қауымдастығында жарияланған. Кадрдан 20-ға жуық азаматты байқауға болады.

Болған оқиғаны Қызылорда облысының полиция департаменті растады.

«25-қараша күні Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті қамауға алынды. Төбелестің неден болғаны анықталып жатыр», - делінген агенттіктің ресми сауалына жауап берген облыстық департамент хабарламасында.

  Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ
Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →