Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада Назарбаев саябағын қалпына келтіруге 13 миллиард теңге жұмсалмақ

Қызылордада Назарбаев саябағын қалпына келтіруге 13 миллиард теңге жұмсалмақ

Қызылордада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген саябақты қалпына келтіруге 13 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында жазылған.

"Тапсырыс беруші – Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ; атауы – тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды/үй-жайларды қайта құру жұмыстары; қосымша сипаттама – "Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту"; жоспарланған сома 13 миллиард 120 миллион 508 мың 659 теңге", – делінген хабарламада.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 2025 жылы 8 қаңтардан 24 қаңтарға дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 27 желтоқсанда Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты жоққа шығарып,әлеуметтік желіде жазба жариялағаны туралы жазған едік.

Автор
Айбар