Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада баласын құтқармақшы болған әке қаза болды

Қызылордада баласын құтқармақшы болған әке қаза болды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оқиға 17 қазан күні болған. Ер адамды автобус қағып кетті. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Қызылордада 4 жасар баласын құтқармақ болған ер адам қаза болды.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=J7mVx0jcpCg[/embed]

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 17 қазан күні сағат 12:30 шамасында қаладағы Абай даңғылы мен Ыбырай Алтынсарин көшесінің қиылысында болған.

"2015 жылы дүниеге келген бала көшенің белгіленбеген жерінен жүгіріп шыққан. Әкесі баласының артынан жүгірген кезде қоғамдық көлік қағып кеткен. Алған жарақат салдарынан ер адам қаза тапты. 4 жастағы бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiкті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: "Бәрі шошып кетті": автобус жүргізушісі аялдамада болған сұмдық туралы айтты

Өңірлік полиция қызметі оқиғаның мəн-жайын анықтап жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр

Журналист