Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда тұрғыны карантинде ауызашар берді

Қызылорда тұрғыны карантинде ауызашар берді

Қызылордада тәртіп бұзған бес азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс құжаттары сотқа жолданған

АЛМАТЫ, 30 сәуір –Sputnik. Қызылордада төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

26 сәуірде Қызылорда тұрғыны үйінде ауызашар беріп, қаланың әр түпкірінде тұратын достарын шақырған. Олар кешкі астан кейін кездесуді моншада жалғастырады.

"Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтеншежағдай режимiн бұзу), тәртіп бұзған бес азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс құжаттары сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзушылардың азаймай отырғанын айтты.


sputniknews.kz
Автор
Данияр