KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Қызылорда-Семей" бағытындағы поезда өрт шықты (видео)

KZNEWS

Бүгін түнгі сағат үш шамасында Жамбыл облысының "Бурный-Сурым" аралығындағы "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызының вагоны өртке оранды, - деп хабарлайды Kznews.kz сайты Orda.kz порталына сілтеме жасап.

"Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келді. Жанған вагонның екі жағындағы вагондар ажыратылып, 34 жолаушы қауіпсіз қашықтыққа шығарылды",-делінген полиция департаментінің көліктегі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт поездың электр қондырғысының үй-жайында болғандығы нақтыланды. Полиция қызметкерлерінің келісілген әрекеттерінің нәтижесінде жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Осы факті бойынша ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

[video width="848" height="480" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2022/10/VID_20221011_122426_823.mp4"][/video]

Фото, видео: http://t.me/orda_kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары