Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Мұғалім болған»: Қызылорда облысында әйелдің қолын балталап тастаған

«Мұғалім болған»: Қызылорда облысында әйелдің қолын балталап тастаған
Фото: astanatv.kz

Қазіргі уақытта жәбірленуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр.

Жарақат алған әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан санитарлық авиация арқылы дәрігерлер келген. Мамандардың айтуынша, келіншектің денесінде бірнеше жара бар, сондай-ақ басынан да ауыр соққы алған. Сол себепті оның жағдайына қатысты нақты болжам айту әзірге мүмкін емес.

Ал күдікті — аудан мектептерінің бірінде биология пәнінен сабақ беретін, 20 жылдан астам еңбек өтілі бар мұғалім.

«Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша полиция күдіктіні бірден ұстады. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», — деді Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.

Сонымен қатар, бұл істің департамент басшылығының тікелей бақылауында екені айтылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.