"Қалай сенерімді білмеймін": Қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентер жазба жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда облысында 16 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Қызылорда облысында 16 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
Фото: видеодан алынды

Қызылорда облысының Шиелі ауданында канал суынан денесі табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті осы ауданның тұрғыны болып шыққан. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауға алынған.

Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітовтің айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

Істің толық мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысы Шиелі ауданында үйінен шығып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті су арнасынан табылды. Бір тәулік іздестірілген жасөспірімді сол маңдағы тұрғындар судан жалаңаш күйінде тапқан. Ал марқұмның туыстары қаскөйлер оқушыны азаптап өлтіріп, мәйітін лақтырып кеткен деген болжам айтқан. Қазір елді дүрліктірген жағаұстатарлық жағдайға байланысты полицейлер іс қозғаған еді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі