«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда облысында бірқатар денсаулық сақтау нысандары салынады

Қызылорда облысында бірқатар денсаулық сақтау нысандары салынады

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 500 орындық көпбейінді облыстық аурухана және Қазалы ауданындағы орталық аудандық емхана, Қызылордада қан орталығы салынады. Бұл жобалар 2022 жылға дейінгі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарына енгізілген.

Бүгін Үкімет отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың 2022 жылға дейінгі Кешенді даму жоспарын таныстырды. Жоспар 12 бағыт, 119 іс-шарадан тұрады.

Облыстың кешенді даму жоспары шеңберінде әлеуметтік салада 15 жобаны іске асыру жоспарлануда.

"Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 500 төсектік көпбейінді облыстық аурухана және 5,7 млрд. теңгеге Қазалы ауданында орталық аудандық емханасы мен Қызылорда қаласында қан орталығы салынады ", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, облыстың елдімекендерінде (Жосалы, Ақай, Жалағаш, Шиелі, Тасбөгет) 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарлануда.

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және даму қарқынын арттыру мақсатында облыстың өзекті мәселелері қаралды. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы-Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2022 жылға дейін облысты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған еді.

Өңірді дамытудың кешенді жоспары құны 219,7 млрд.теңге болатын 119 іс-шарадан тұрады.  Кешенді жоспар 12 бағытты қамтиды.Олар - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлікті дамыту, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, экология және табиғатты пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, спорт, су тасқынына қарсы іс-шаралар, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Автор
Бауыржан