Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда облысында 21 600 оқушы бірінші сыныпқа барады

Қызылорда облысында 21 600 оқушы бірінші сыныпқа барады

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2200 оқушыға артық.

Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде 2019-2020 оқу жылына дайындық туралы баяндады.

«Алдағы 2019-2020 оқу жылдарында 1-сыныпқа 21 600 оқушы барады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2200 оқушыға артық. Жалпы, жаңа оқу жылында  293 мектепте 164 500 оқушы білім алады деп күтілуде. Үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап 1-сыныпқа қабылдау процесі автоматтандырылған жүйеге қосылды.  Қазіргі таңда 1-сыныпқа қабылданатын балалардың мөлтек аудандар бойынша мектептерге орналастыру картасы дайын»,-деді М.Мелдебекова.

Айта кетейік, Жаңақорған ауданында №169 және Жалағаш ауданында №34 мектептің құрылысы жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады. Қызылорда қаласында 600 орындық мектеп салынуда, оны қазан айында тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар, 1450 орындық 3 жекеменшік мектеп салынуда.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 3 мектепке республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Қармақшы ауданы, №27, 30; Жалағаш ауданы, №201). Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 2 мектеп (Қазалы ауданы, №238, Шиелі ауданы, №155 мектеп) күрделі жөндеуден өтуде, ал 288 мектепке ағымдағы жөндеуден өткізілуде»,-деді М.Мелдебекова.

Сондай-ақ, бүгінгі күні облыста балабақшаларға да жөнделуде. 2019 жылы  Арал, Қазалы аудандарынан 85 орындық  2 жеке балабақша, Қызылорда қаласынан 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылды. Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 320 орынға арналған 1 жеке балабақша қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.

Автор
Бауыржан