Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда облыстық экология департаментінің лауазымды тұлғалары ұсталды

Қызылорда облыстық экология департаментінің лауазымды тұлғалары ұсталды
06 Желтоқсан 2018, 13:15 223 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова орталық органдардың аумақтық және ведомстволық бағынышты ұйымдарының лауазымды тұлғаларына қатысты тіркелген қылмыстық істерді баяндады.

«Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыс бойынша экология департаменті басшысы орынбасары мен бөлім басшысына қатысты тергеу жүргізілуде. Олар қоршаған ортаға эмиссиялар көлемін арттыру фактілері бойынша заңды тұлғаларға қатысты әкімішілік өндірістер бойынша айыппұл сомаларын төмендету мақсатында қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланған деген күдікке ілініп отыр. Мемлекетке келтірілген залал 3,6 млн теңгеге бағаланады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Ауыл шаруашылығы министрлігі ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының облыстық ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол 23 қарашада станцияның баласындағы тауарды, астықты кедергісіз іке асыру үшін кәсіпкерден 370 мың сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ормандар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол Байзақ ауданы және Ақыртөбе ауылдық округі аумағында орманның қосымша көлемін кесу және әкету әрекеттері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке тұлғалардан жүйелі түрде пара алу бойынша күдіктелуде. сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар