Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Forbes журналының 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар рейтингінде 58-орынға жайғасты, деп хабарлайды kznews.kz.
Басылым мәліметінше, оның байлығы 160 миллион доллар деп бағаланған. Ал өткен жылы ол 130 миллион доллар капиталымен 61-орында болған. Forbes кәсіпкердің байлығының күрт өсу себептерін нақтыламаған.
Тұрсынғали Алагөзов – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі алкогольсіз сусын өндірушілердің бірі саналатын GALANZ Bottlers компаниясының иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы.
2024 жылы кәсіпкер Шымкент сыра зауытын сатып алған болатын. Мәліметтерге сәйкес, ол жаңа өндіріс орнына 40 миллион доллар инвестиция құйған.
Алагөзов 2026 жылы зауыттың өндіріс көлемін айына 10 мың тонна сыраға дейін жеткізуді жоспарлап отырғаны айтылды.