«Әділет» съезінде тарихи шешім қабылданды: Amanat партиясын қосу мақұлданды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Алагөзовке қатысты қуанышты хабар тарады

Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Алагөзовке қатысты қуанышты хабар тарады
ашық дереккөзден

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Forbes журналы жариялаған 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар тізімінде 58-орынға көтерілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Басылым мәліметінше, қазіргі таңда кәсіпкердің байлығы 160 миллион долларға бағаланып отыр. Ал өткен жылы оның капиталы 130 миллион доллар деп көрсетіліп, рейтингте 61-орында тұрған. Forbes Алагөзовтің дәулетінің артуына нақты қандай себептер әсер еткенін ашып көрсетпеген.

Тұрсынғали Алагөзов – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі алкогольсіз сусын өндірушілердің бірі саналатын GALANZ Bottlers компаниясының иесі және директорлар кеңесінің төрағасы.

Айта кетейік, 2024 жылы кәсіпкер Шымкент сыра зауытын сатып алған болатын. Ашық деректерге сәйкес, ол аталған өндіріс орнына шамамен 40 миллион доллар инвестиция салған.

Мәліметтерге қарағанда, Алагөзов 2026 жылы зауыттың өндірістік қуатын айына 10 мың тонна сыраға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер