Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қызғанып отыр": Қайрат Әділгерейдің әйелі Тұрсынбектің бұрынғы әйелін сынап тастады (ВИДЕО)

"Қызғанып отыр": Қайрат Әділгерейдің әйелі Тұрсынбектің бұрынғы әйелін сынап тастады (ВИДЕО)
SN.kz. Суретте: Мөлдір Мұқан мен Бақыт Тұрман

Танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқанның жаңа фильмін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бақыт Тұрман өзінің пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, алдымен Мөлдірдің подкастын көргенін, кейін жаңа фильмін тамашалағанын айтты.

"Мөлдір Мұқанның подкастын қарап шықтым. Содан кейін оның түсірген фильмін көрдім. Подкастта айтқан кемшіліктерінің барлығы сол киноның ішінде тұр екен. Ең бірінші байқалған нәрсе – актерлік құрамның әлсіздігі. Көзге таныс емес, тәжірибесі аз адамдар көп. Әрине, Мөлдірдің жақындары шығар, білмеймін. Тек Ақерке Арыс ғана рөлін сүйреп шыққан, күлкілі сценаларды сол алып тұр. Ал жалпы юмор да, сатира да жоқ. Блогерлердің басын қосқандай әсер қалдырды. Миллиард жинайтын деңгейдегі фильм деп айту қиын. Тағы бір үлкен минус – костюмердің жұмысы. Мұндай киімдер 10 жыл бұрынғы отандық киноларда болған. Қазіргі заманға үйлеспейді. Дубляж да құлаққа жайсыз. Әрине, продюсер, оператор, режиссер еңбектенген, бірақ фильм бәсекеге қабілетті емес. Әр нәрсенің өз бағасы бар ғой. Келіспесеңіздер де, бұл – менің ойым", – деп жазды ол.

Алайда Бақыттың бұл сыны желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Комментарийлерде:

"Мөлдірді қызғанып отыр", "Әйелдің қасы – әйел", "Сонша сынайтындай не болып қалды?" деген пікірлер қаптады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер