Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қызғаншақ, іші тар». Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрлыханов туралы айтты

«Қызғаншақ, іші тар». Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрлыханов туралы айтты

Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов "Уақыт көрсетеді" youtube-арнасына берген сұхбатында бас бапкерліктен алып тастаған Дәулет Тұрлыхановқа қатысты ойын айтты.

Оның айтуынша, Дәулет Тұрлыханов кейін бұл ісіне өкінген, деп жазады Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бас бапкерліктен мені алып тастаған Дәулет Тұрлыханов. Неліктен ондай қадамға барғанын білмеймін. Мұны еске алғым келмейді. Дәулет қазақтың керемет азаматы. Біз онымен туған құдамыз, туыспыз. Қайрат інім Дәулеттің қарындасын жар етіп алған еді. Менің ұнамайтын жерім бар шығар. Реніш жоқ. Адам болуымыз керек қой. Қаншама еңбек етіп, талай азаматты шығардық. Ел мұны естігісі келмейді, көргісі келмейді.

Себебі біздің қазақ қызғаншақ, іші тар. Кейін Дәулет Тұрлыханов маған "бекер олай істедім" деп өкінетінін айтты. Біз Дәулетпен бір-бірімізді бұрыннан білетінбіз. Талай талонмен тамақ ішетінбіз. Дәулетті қалай жамандайын", - деді ол.









Автор
Еркебұлан