Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызды зорламақ болған күдікті жындыханадан қашып кетті

Қызды зорламақ болған күдікті жындыханадан қашып кетті

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ер адам танысының үйінде болған. Ол тергеу изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Елордалық тәртіп сақшылары жындыханадан қашып кеткен ер адамды ұстады. Ол зорлық жасады деген күдікке ілінген болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"9 қазан сағат кешкі 22.40-да кешенді жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тексеріс жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция ер адамның танысының үйіне болғанын анықтады.

Айта кетейік, 42 жастағы ер адам 9 қазан күні сағат 12:20-де Жансүгірұлы мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында орналасқан медициналық мекемеден қашып кеткен. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Зорлау") бойынша күдікке ілінген.

Тағы оқыңыз: "Аузы қанап кетіпті": елордада мектеп жанында ер адам қызға шабуыл жасады

Еске сала кетсек, 5 қыркүйек күні күдікті астанадағы колледж студентін зорламақ болған. Кейін полиция ер адамды қолға түсірді.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр