Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қыз Жібекке" қысым жасаған декан кім: Меруерт Өтекешеваға қатысты дау ушықты

"Қыз Жібекке" қысым жасаған декан кім: Меруерт Өтекешеваға қатысты дау ушықты
kznews.kz коллажы

Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешеваға қатысты дау шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Студенттер ұстазына қарсы жазылған арыздардың өз еркімен жазылмағанын айтып, жағдайға наразылық білдірген. Олардың сөзінше, бұл іске факультет деканы Ернияз Бірімқұловтың қатысы болуы мүмкін.

Жастардың айтуынша, декан студенттерге қысым көрсетіп, жасырын жиналыстар өткізген. Сондай-ақ арыз мәтінін өзі дайындап берген деген мәлімет айтылып отыр. Студенттер мұндай жағдай оқу процесіне кері әсер еткенін жеткізіп, әділдік талап етуде.

Ал Меруерт Өтекешева бұл жағдайды өз беделіне нұқсан келтіру үшін ұйымдастырылған әрекет деп санайды. Оның айтуынша, ол аталған әріптесімен төрт жыл бірге қызмет еткен.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер