"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайдан АҚШ-қа тасымалданатын iPhone құрылғыларына салық еселенеді

Қытайдан АҚШ-қа тасымалданатын iPhone құрылғыларына салық еселенеді

АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық тауарларға салықты 25%-ға арттыратынын айтты.

Жалпы құны 200 миллиард доллар болатын тауарларға жаңа тариф келер жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Баспасөз мәслихатында  Ақ үй басшысы алдағы уақытта Қытаймен нақты бір келісімге келе алмаған жағдайда, қалған тауарлар импортына да тарифтің артатынын мәлімдеді. Салыққа іліккен тауарлар қатарында Қытайдан әкелінетін iPhone өнімдері, ноутбуктер және өзге де техникалық құрылғылар бар. Ал Бейжің тарапы Құрама Штаттарына жауап ретінде салықты көтеретінін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Американың сауда министрі Уилбур Росс «Bloomberg» агенттігіне берген сұхбатында қаңтарда қытайлық тауарларға қарасты тарифтер пайызының артып, «бұл елдің осы уақытқа дейінгі жасырын, Ресеймен байланыс және адам құқықтарын таптау сынды әрекеттеріне қарсы» бағытталатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, Дональд Трамп Қытайды сауда заңдылығын бұзды деп айыптады. Ал америкалықтар «технологияларды заңсыз иемденіп, зияткерлік жекеменшік құқығын сақтамайтын» Қытай өндірушілерінің үстінен талай мәрте шағым түсірген.

"The Qazaq Times"

Автор
Мадияр