«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайда Шыңжаң қазағы Құран оқығаны үшін қамауға алынған

Қытайда Шыңжаң қазағы Құран оқығаны үшін қамауға алынған

Шыңжаңда Құранды нақышына келтіріп оқыған 56 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Radio Free Asia сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Мұны қазақстандық "Атажұрт" ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтхан мәлімдеді.

Шыңжаңда қазақ Құсман Рехим 14 шілдеде ұсталған. Оның ұсталғаны тек 24 тамызда белгілі болды. Оны ер адамды діни мереке кезінде таныстарының үйінде киелі кітапты оқыды деп айыптаған.

Тінту кезінде оның үйінен Құран данасы табылған.

Бұған дейін Шыңжаңда діни әрекеті үшін 61 жастағы Бақытхан Мырзан сотталған еді. Ол биыл көктемде түрмеде көз жұмған.

БҰҰ есебінше, Қытай билігі 2017 жылдан бері лагерьлерге бір миллион ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылманды қамаған.

Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаңдағы мұсылмандарға "геноцид" жасады деп айыптады.

Қытай билігі мұның бәрін жоққа шығарады.

Автор
Айбар