KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қытайда автобус көлге құлап, 21 адам өлді (ВИДЕО)

KZNEWS

Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысындағы Аньшунь қаласында автобус көлге құлап, 21 адам мерт болды. Тағы 16-сы зардап шекті. Бұл туралы Xinhua агенттігі жазды.

Оқиға сейсенбі күні түстен кейін болған. Автобус қоршауға соғылып, Хуншань көліне құлап кеткен.

https://www.youtube.com/watch?v=175SogViplc

Аньшунь қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі муниципалдық басқарманың хабарлауынша, құлаған автобустан 37 адам шығарылған. Автобус жүргізушісін қоса алғанда, олардың 20-сы мерт болған. Тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. 16 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, автобус көлден шығарылды. 1 100-ден астам құтқарушы жоғалған жолаушыларды әлі де іздестіруде.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары