Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай губернаторы қазақстандық балмұздақтың дәміне тәнті болды

Қытай губернаторы қазақстандық балмұздақтың дәміне тәнті болды

Үрімші қаласындағы China EXPO көрмесінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы парткомының хатшысы Ма Синжуй Қазақстанның ұлттық павильонына барып, қазақстандық балмұздақтың дәмін татқан. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігі Қытай губернаторының қазақстандық өнімнің дәмін татып жатқан бейнежазбасын жариялады.

"Ең жақсы шөп, ең жақсы сүт!" – деді вице-премьер-министр Серік Жұманғарин.

"Дәмін татып көрдім, маған ұнады. Өте сапалы. Шыңжаңда дәл осындай балмұздақ жасауға бола ма?", – деді Ма Синжуй.

"Біз тек табиғи шикізатты қолданамыз", – деп жауап берді қазақстандық шенеунік.

"Біз де танымал балмұздақ жасаймыз, оның артында адамдар кезекке тұрады. Адамдар дәл осы брендті сатып алу үшін бір-екі сағат күтуге дайын. Оның дәмін көрдім, бірақ сіздің балмұздақ жақсы, өте дәмді!" – деді партия комитетінің хатшысы.

Автор
Айбар