Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай билігі Қайрат Нұртасқа танымал хитін орындауға рұқсат бермей қойған

Қытай билігі Қайрат Нұртасқа танымал хитін орындауға рұқсат бермей қойған

Қытай билігі Қайрат Нұртасқа танымал хитін орындауға рұқсат бермей қойған. Бұл туралы әншінің продюсері және анасы Гүлзира Айдарбекова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.





Айдарбекова Қытайда концерт өткізудің өзіндік ережелері барын атап өтті.

Продюсер Instagram парақшасында ұлының өнер көрсеткен сәтінен видеоларды бөлісіп, қытайлық жанкүйерлері жылы қабылдап алғанын айтты.

Алайда Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, қытайлық билік әншіге “Ауырмайды жүрек” атты танымал әнін орындауға рұқсат бермеген.

- Егер тексеруден өтпеген әндер айтылып, фонограммамен кетсе, концертті тоқтатып, ұйымдастырушыға қомақты айыппұл салынады. Біздің алдымызда 2-3 әншінің концертін солай тоқтатқан екен. Әрбір әннің сөзін тексеріп, ұйғыр халқының қатты күткен “Ауырмайды жүрек” және тағы 3-4 әнді орындауға рұқсат бермеді. Жанды дауыста айтылу жағы да тексерілді, дейді продюсер.

Қатаң ережелерге қарамастан Қайрат Нұртастың концерті сәтті өткен.
Автор
Данияр

Журналист