Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай АҚШ-қа қарсы шықпақ

Қытай АҚШ-қа қарсы шықпақ

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары Қытайдың ашуына тиді. Вашингтондағы ҚХР Елшісі Цин Ган CNN телеарнасында американдық тарап үшін үлкен зардабы тиетінін ескертті.

Дипломат Пелосидің сапары Тайвань бұғазындағы және Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасындағы шиеленістің артуына әкелетінін атап өтті. Цин Ган Қытай "елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және оған толық құқылы"деп атап өтті.

Бұған дейін Қытай армиясының шығыс қолбасшылығы 2-6 тамыз аралығында спикер Пелосидің сапарына жауап ретінде өтетін ПЛА флотының әскери маневрлері аясында зымырандық жаттығулар өтетіні туралы хабарлады.

Автор
Айбар