Қытайлық танымал блогер Тао Минсюдың жарияланымдары 1 миллиардтан астам қаралым жинап, Қазақстанның туристік әлеуетін кең аудиторияға танытты. Осы еңбегі үшін ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Достық» орденінің II дәрежесімен марапатталды, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекеттік награданы вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Министрлік бұл марапат блогердің Қазақстанды Қытай медиакеңістігінде ілгерілетуге, мәдени мұраны насихаттауға және екі ел арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтуға қосқан үлесін мойындау екенін атап өтті.
Тао Минсю (Тао Тао) Қазақстанға алғаш рет 2024 жылдың қыркүйегінде келіп, содан бері елдің бірнеше өңірін аралап, 100-ден астам материал жариялаған. 2025 жылы оған «Қазақстанның туризм елшісі» мәртебесі берілді. Қазіргі таңда блогер Алматы – Ақтау – Түркістан бағыты бойынша сапарлап, Амал және Наурыз мерекелеріне қатысуда.