Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырымда ФСБ жиырма шақты тұрғынның үйін тінтіп жатыр

Қырымда ФСБ жиырма шақты тұрғынның үйін тінтіп жатыр

Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегінде Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ), ішкі істер министрлігі мен Росгвардия қызметкерлері Ресейде және тағы бірқатар елде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының қызметіне қатысқан деген күдікпен бірнеше тұрғынның үйін тінтіп жатыр. Бұл туралы Қырымдағы ФСБ басқармасына сілтеме жасап ресейлік басылымдар хабарлады.

Күдіктілердің кім және қанша екені туралы ақпарат жоқ. "Крымская солидарность" қоғамдық бірлестігінің дерегі бойынша, Симферополь қаласы мен бірнеше ауылда жиырма шақты үйді тінтіп жатыр. Белсенділердің мәліметінше, Симферопольде Каменка шағын ауданындағы бір кварталды Росгвардия қызметкерлері бақылап тұр. Жергілікті тұрғындарды үйлеріне кіргізбей қойған.

Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін түбекте 31 жергілікті мұсылман "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар деген күдікпен қудалауға ұшыраған. Ресей 2003 жылы "Хизб ут-Тахрир"-ді террорлық ұйым деп танып, тыйым салған. Украинада бұл ұйым емін-еркін әрекет қылады.

Биыл 22 ақпанда ФСБ "билікті күштеп басып алмақ болған" деген айыппен сегіз адамның үстінен іс қозғаған.


Azattyq
Автор
Жандос