Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстанның бұрынғы президентінен барлық айып алынып тасталды

Қырғызстанның бұрынғы президентінен барлық айып алынып тасталды

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтан тағылған айыптаулар алынып тасталды. Бұған дейін ол «Құмтор» алтын кенорнында жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған болатын. Қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz «Хабар-24» арнасына сілтеме жасап.

Ақаевтың жақтастарының сөзінше, бұрынғы президентті куәгер ретінде тергеуге кез келген уақытта шақырып қалуы мүмкін.

Өткен аптада Асқар Ақаев соңғы 16 жылда екінші рет Бішкекке келген еді. Ол ұлттық қауіпсіздік комитетінде алтын кен орнындағы жемқорлыққа қатысты тергеуге қатысқан.

Еске салайық, Ақаев Қырғызстаннан 2005 жылы кеткен. Ол елдегі «қызғалдақ көтерілісінен» кейін орнынан алынған еді. «Құмтор» кен орнына қатысты Қызрғыстан парламентінің бірнеше депутаты мен шенеуніктері, елдің бұрынғы премьер-министрлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Автор
Нұрсұлтан