KZNEWS.KZ
Әлем

Қырғызстан ЕАЭО елдері арасында экономикалық өсімде көш бастады

• Айгерім Асылова

2025 жылы Қырғызстан экономикалық өсім қарқыны бойынша Қазақстан мен Ресейді басып озды. Бұл туралы kznews.kz. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кеңесінде жарияланған деректерге сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі 2025 жылы 10,2 пайызға өскен. Осылайша ел ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген.

Ал 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстан экономикасының өсімі 6,4 пайызды құраған.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армения кіреді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →