Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Қылмыстық іс қозғалды”: Дана Нұржігіт екінші некесі сәтсіз аяқталғанын айтты

“Қылмыстық іс қозғалды”: Дана Нұржігіт екінші некесі сәтсіз аяқталғанын айтты

Айтуынша, екінші некедегі азаматтың үстінен арыз жазып, қылмыстық іс қозғалған. Танымал журналист, сенатор Дана Нұржігіт екінші некесінің сәтсіз болып, сотпен аяқталғанын айтып, жазба жариялады. Журналистің айтуынша, психикалық қысымға ұшырап, жұмыстан кеткен кезі болған.

  “Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тақырыбы мені де айналып өтпеді. Жәбірленушінің орнында болып, сот залында тұрамын дегенді кім білген?! Қиындық кімде жоқ. Мен де мойымай, бастысы денсаулығым мен жұмысымнан айырмасын” деген едім. Алайда моральдық-психологиялық қысым алдымен денсаулығыма кері әсерін тигізді. Содан кейін ТВ-да жұмыс істей алмайтын жағдайға жеттім. Басшыға өзім барып, жұмыстан кететінімді айттым. Өйткені түске дейін тергеушінің алдында, түстен кейін тікелей эфирде жұмыс істеуге жарамай қалдым”, – деп жазды тележурналист.

Айтуынша, екінші некедегі азаматтың үстінен арыз жазып, қылмыстық іс қозғалған.
“Екінші некем баянсыз болып, тоғыспайтын жерден М.Ә. есімді азаматпен мәмілеге келіп, адамша екі жаққа кетудің орнына іс насырға шауып, жабық есік жағдайындағы сот процесіне жетті. Іс 10 айға созылып, тергеу процесінен өттім. Соңғы нүктесі 28 мамырда қойылды. Үкім 13 маусым күні күшіне енді. Істің мән-жайын ашпауға қолхат беріп, уәделестік. Сол үшін артық нәрсе жазбаймын. Иә, заңды түрде қорғануға мәжбүр болдым. Бір шешімге келерміз деп жүргенде істің арты осынша уақытты алады деп ойламаппын. Жұмыс пен үйдің, баламның берекесі қашты. Қаржылық шығын, жүйкенің тозуын айтпай-ақ қояйын. Бұл оқиға мен үшін үлкен сабақ болды. Әлімнің әкесіне дейін қолдап, “Сақ бол!” деп маған қорған болуға тырысты, жарықтық”, – дейді сенатор.

фото: inform.kz
Автор
Еркебұлан