ка

"Қуыршаққа ұқсайды": Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының жүзін көпшілікке көрсетті

02.06.2025 10:41
0
"Қуыршаққа ұқсайды": Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының жүзін көпшілікке көрсетті

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова кіші қыздарының жүзі анық көрінетін суреттерін алғаш рет жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қос сәбидің фотосын Instagram парақшасында бөлісті.

"Балаларды қорғау күнінде сіздерге кіші қыздарымыз Алиса мен Алманы таныстыруды жөн көрдім", – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сәбилерге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

“Қандай керемет жазба болды”, “Бүгін ерекше күн екен”, “Сары қызы Баянның өзінен аумайды”, "Оң жақтағысы анасының көшірмесі, сол жақтағысы әкесіне ұқсап тұр!", “Осындай жеке және әсерлі сәтті бөліскеніңізге рақмет. Қыздарыңыз нағыз періштелер", "Алма қуыршақ сияқты", "Қандай әдемі", – деп жазды желі қолданушылары.  

Еске салайық, төрт жылда екі рет түсік тастаған Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне суррогат аналардың көмектескенін айтқан еді. 

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий