ка

Құстарды мен қорғаймын балабақшадағы ашық сабақтар

10.03.2019 11:26
0
10

Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Құстарды мен қорғаймын.Саябақ өлеңдері.
Мақсаты:      1.Туған табиғатқа деген балалардың түсініктерін кеңейту.
2.Табиғат байлығы,оның алуан түрлігі,балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу
Көрнекілігі: «Қазақстан табиғаты» деген тақырыпты суреттер.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 Меңгерілетін сөздер:биік таулар,көркем келбеті,бұлақ сыңғыры,сыбдыр жел,тымырсық дала,көк шалғын. 
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар бүгігінгі сабақта табиғаттың бір бөлігі құстар жайлы өтеміз.
V Жаңа сабақ 
                         Психологиялық сәт
Жаңбыр көп жауады,
Тамшылар тамады:тырс-тырс,
Терезе қағады,
Жылғалар ағады:тырс-тырс.
Жаңартып ауаны,
Жаңбыр көп жауады:тырс-тырс.
-Балалар,табиғат бізге қандай сый берді?
-«Табиғатты аялау керек» дейміз ол үшін не істеу керек?
-Қоқыстарды төкпеу керек.
-Ағаш бұтақтары,гүлдерді,,шөптерді жұлмай,оларды күту керек.
Құстарға қамқор болып,жемшашарға үнемі нан қорымдарын,бидай,тары сияқты дәндерді шашып қою керек.
К.Ғабдуллиннің «Құстарды мен қорғаймын», «Саябақ өлеңдері» атты өлеңдерін оқып беріп,мазмұнын ашу.
  Сергіту сәті:
Аппақ көйлек киемін,
Қос етегі бүрмелі,
Кестеленген жиегі
Кең даланың гүлдері.

VI Бекіту
Ойын: «Жапырағына қарап таны»
VII Қорыту
-Құстарды қорғау үшін кім қандай көмек көрсетеді?
-Құстардың қандай пайдасы бар?
-Құстардың сайраған дыбысын келтір.

VIII Бағалау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий