Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құрылтай сайлауы Үкіметке әсер ете ме? Балаеваның жауабы

Құрылтай сайлауы Үкіметке әсер ете ме? Балаеваның жауабы
inform.kz

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді. Дауыс беру рәсімінен кейін журналистер одан сайлау қорытындысы бойынша Үкімет құрамында өзгерістер болуы мүмкін бе деп сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Аида Балаеваның пікірінше, қазіргі Үкімет құрамы кәсіби мамандардан жасақталған. Сондықтан ол сайлаудан кейін Үкіметте ауқымды өзгерістер болады деп болжам жасауға асықпайтынын айтты.

– Қазір қандай да бір баға беруге асықпас едім. Қазіргі Үкімет құрамын өте кәсіби деп санаймын. Көптеген министр өз қызметінде қалады деп ойлаймын. Өйткені Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары мен бастамалары бар, олар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Көпшілігі осы бағытты жалғастырып, жұмысын әрі қарай атқарады деп есептеймін, – деді ол.

Министр өз саласындағы негізгі міндеттерге тоқталып, жаңа Конституция қабылданғаннан кейін қолданыстағы заңдар мен заңға тәуелді актілерді оған сәйкестендіру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ ол цифрландыруды дамыту, әлеуметтік саясатты жетілдіру және азаматтарға тең мүмкіндік беру бағыттарын басым міндеттердің қатарына қосты.

Аида Балаева ақпарат саласына да тоқталып, жалған ақпараттың таралуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай ақпараттан толықтай арылу мүмкін емес, дегенмен журналистер жариялайтын деректерін мұқият тексеруі қажет.

Министр медиа саласы мен онлайн-платформаларға қатысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған ауқымды түзетулер пакеті әзірленіп жатқанын айтты.

– Егер, әрине, Үкімет құрамында қалсам, медиа саласындағы, әсіресе онлайн-платформаларға қатысты заңнаманы жетілдірумен айналысамыз, – деді ол.

Аида Балаева дауыс беру барысына да қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, азаматтар сайлауға белсенді қатысып жатыр.

– Әр азамат өзінің болашағына да, елдің болашағына да үлкен жауапкершілікпен қарайды. Біз – бақытты халықпыз, өйткені өз болашағымызды айқындауға мүмкіндігіміз бар, – деді министр.

Ол жаңа Конституция бойынша өткен референдум кезінде де азаматтардың осындай белсенділігін байқағанын айтты.

Балаеваның сөзінше, елдегі бірлік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ «прогрессив әрі әділетті Қазақстан» құру бағытындағы жұмысты жалғастыру маңызды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі