Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, еліміздегі барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Учаскелік сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кірісті.
Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,19 пайызын құрайды.
Өңірлердегі сайлаушылардың келу көрсеткіші төмендегідей болды:
Астана – 51,67%
Абай облысы – 81,41%
Ақмола облысы – 82,69%
Ақтөбе облысы – 88,30%
Алматы облысы – 71,17%
Атырау облысы – 70,74%
Батыс Қазақстан облысы – 73,38%
Жамбыл облысы – 85,18%
Жетісу облысы – 91,19%
Қарағанды облысы – 76,28%
Қостанай облысы – 76,47%
Қызылорда облысы – 90,75%
Маңғыстау облысы – 71,38%
Павлодар облысы – 71,20%
Солтүстік Қазақстан облысы – 77,31%
Түркістан облысы – 92,16%
Ұлытау облысы – 70,72%
Шығыс Қазақстан облысы – 87,50%
Алматы қаласы – 43,23%
Шымкент қаласы – 75,42%.
Айтпақшы, шетелдегі бірқатар сайлау учаскелерінде дауыс беру әлі жалғасып жатыр. 11 елде дауыс беру аяқталған. Шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6 007-сі өз таңдауын жасаған.
Қазақстандықтар ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында дауыс береді. Ондағы сайлау учаскесі Астана уақытымен сағат 19:00-де жұмысын бастаған.
Енді сайлаудың қорытынды нәтижелерін анықтау үшін бюллетеньдерді санау процесі жүріп жатыр.