Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құрғақшылық болған өңірлерге шөп жіберген шымкенттік Құрмет Талапқазы университетке тегін қабылданды

Құрғақшылық болған өңірлерге шөп жіберген шымкенттік Құрмет Талапқазы университетке тегін қабылданды
Жазда құрғақшылықтан мал қырылған өңірлерге жем-шөп жеткізуді ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазы университетке тегін қабылданды, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әлеуметтік желісінде мәлім етті.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесуінде университет басшылығына Құрмет Талапқазыға тегін білім беру құқығын беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырғанын хабарлады.

Оқу орны Құрмет Талапқазыға тегін оқуға мүмкіндігін берген.

Еске салайық, 2021 жылдың жазында еліміздің батыс өңірлерінде мал қырылған құрғақшылық кезінде Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазы шөп шабуға, сондай-ақ құрғақ аймақтарға жем жеткізуге қаражат жинауды ұйымдастырған. Құрмет алты вагон шөп жинап, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарының қуаң аймақтарына жөнелтті.

Автор
Нұрсұлтан