Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Құданың өзі үзіп тастады": Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі ел естімеген жайтты айтты

"Құданың өзі үзіп тастады": Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі ел естімеген жайтты айтты
Dalanews.kz коллажы / ЖИ

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырыстары жалғасып жатыр, деп kznews.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот залына марқұм Қарабалиндер әулетінің жақындары мен сотталушының туыстары келді. Олардың арасында Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев те болды.

Жергілікті тілші Жанат Молдашева сот залынан тікелей эфирге шығып, сотталушының әкесінен пікір сұрады. Самиғолла Сәрсемәлиев болған жағдайға әлі де толық сене алмай жүргенін айтты.

Тілші одан құдалары Қарабалиндер әулетімен 2022 жылдан бері араласпағаны туралы сұрады.

"Көрген жоқпын. Бұрын аралас-құралас болып, келіп-кетіп жүрді. Бірақ ол жерде қарым-қатынасты құданың өзі үзді. Өзі келіп, қызымды бөлек шығарамын деді", – деді Самиғолла Сәрсемәлиев.

Ол бұрынғы келіні Ақбаян туралы да сөз қозғады. Алайда оны жақсы немесе жаман келін деп бағалаудан бас тартты.

"Босанғаннан кейін ауырып жатты. Үйдің ішінде жүреді, тамағын ішеді, ұйықтайды, тұрады. Балаларымен қарым-қатынасы жоқ", – деді ол.

Бұған дейін Қарабалиндер әулетінің туыстары сотталушының отбасы көңіл айтып, кешірім сұрап келмегенін айтқан еді. Бұл сауалға жауап берген Самиғолла Сәрсемәлиев сол кезде істің мән-жайы толық анық болмағанын жеткізді.

"Ол кезде белгісіз болды, ұлым күдікті болды. Енді белгілі болып жатыр. Куә адамдар жауап беріп жатыр", – деді сотталушының әкесі.

Айта кетейік, Атыраудағы бұл сот процесі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазір сотта куәгерлердің жауаптары тыңдалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер