Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
"Құдалығымыз мың жылдық болсын! Мақсат немереңіз үлкен азамат болсын!" — деп жазды өнер иесі.
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова – қазақ эстрадасының ең танымал және дара тұлғаларының бірі. Ол – драмалық сопрано иесі, Қазақстанның халық әртісі (1994) және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1999).
Өнер жолындағы биік белестерге жас кезінен-ақ жеткен Мақпал Жүнісова 22 жасында – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ал 31 жасында – халық әртісі атағын алған. Оның шығармашылығы халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып, түрлі байқауларда бас жүлделерге ие болған.
1981 жылдан бастап "Қазақконцерт" бірлестігінің құрамында еңбек етіп келе жатқан әнші Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәдени-ағарту факультетін тәмамдаған. Кейін профессор атағына ие болып, жас буынға тәлімгерлік етті.
Мақпал Жүнісова тек ел ішінде ғана емес, шетел сахналарында да өнер көрсетіп, талай марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Ол – "Азия дауысы" фестивалінің екі дүркін жеңімпазы, сондай-ақ "Платиновый Тарлан", "Алтын Адам", "Сахна ханымы" сияқты беделді сыйлықтардың иегері.