Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Әншінің айтуынша, Ақерке есімді қызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, өз шаңырағына алып кеткен. Осы сәтте отбасының үлкені жас жұбайларға ақ батасын берген.
Мақпал Жүнісова Ақеркенің ұзату тойы кешке мейрамханада өтетінін де жеткізді.
"Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын", – деп жазды өнер иесі.
Әнші қуанышты сәттен түсірілген кадрларды да оқырмандарына көрсетіп, жас жұбайларға бақыт пен береке тіледі.