KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Құдайым бір ұл бере гөр”: Айнұр Тұрсынбаева жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ayzhan Sylanova
Фото: stan.kz

Белгілі айтыскер ақын әрі коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңызы туралы ой бөлісіп, әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақынның айтуынша, ата-ананың баласына арнаған әрбір сөзі мен тілегі оның тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін. Ол бұл ойын бір әншінің өмірінен алынған мысал арқылы түсіндірді.

«Жақында бір әнші бауырымыздың сұхбатын тыңдадым. Оның әкесі ұзақ уақыт бойы ұл балаға зар болып, дұға жасаған екен. “Құдайым, көзі көрмесе де, бір ұл бере гөр” деп тілеген. Кейін сол ұл дүниеге келді. Қазір ол – танымал әнші, алайда көзі көрмей, ем қабылдап жүр. Осыдан ата-ананың әрбір дұғасының қаншалықты құдіретті екенін аңғаруға болады», – деді Айнұр Тұрсынбаева.

Ол ата-ананың ашу үстінде немесе бейқам айтқан сөзінің өзі бала санасына терең әсер ететінін атап өтті.

«Сөздің қадірін білген әжелеріміз ашуланса да қарғыс емес, тілек айтқан. “Тұқымың өскір”, “тұқымың жайылсын” деп батаға айналдырған. Себебі сөз – вибрация. Әсіресе ата-ананың баласына қарата айтқан әрбір сөзі өте салмақты», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары