“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Құдағиды алып қашуға дайынмын”: Қайрат Әділгерей сынның астында қалды

“Құдағиды алып қашуға дайынмын”: Қайрат Әділгерей сынның астында қалды

Отбасылық дуэт Жанболат пен Жазираның ұлы Қазыбектің үйлену тойы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Ауқымды мерекені жүргізген актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әрекеті көпшіліктің сынына себеп болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Той кезінде Қайрат Әділгерей келіннің анасына қарата айтқан қалжыңы желі қолданушыларының көңілінен шықпады. Ортаға шыққан жеті баланың анасы — құдағиға байланысты айтылған «көшеде көрсем алып қашуға дайынмын» деген сөзі жұртшылық тарапынан орынсыз әзіл ретінде қабылданды.

Бұл жағдайдан кейін әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазылып, көпшілік асабаның сөзін сынға алды. Олардың пікірінше, мұндай қалжыңдар тойдағы әдеп пен мәдениетке сай келмейді.

Желіде: «Қайратты таңдағанына таңғалып тұрмын», «Жүргізе алмады, артық сөздері көп», «Шектен шықтың, ұят болды» деген сынды пікірлер жиі кездесуде.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер