Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қуат Хамитов пен Иван Дычко Алматыда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шықпайтын болды

Қуат Хамитов пен Иван Дычко Алматыда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шықпайтын болды

27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде өнер көрсетуі керек болған Қуат Хамитов пен Иван Дычконың жекпе-жегі болмайтын болды. Бұл туралы  Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Атақты дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізуі керек болған Қуат Хамитов пен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы кезекті  жекпе-жектері өтпейтін болды. Қуат Хамитов танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасуы керек болса, Иван Дычко ресейлік Виталий Кудуховқа жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда қос қазақстандық спортшының жарақат алып қалуына орай жекпе-жек кейінге шегерілді.

Айта кетейік, AllStarsBoxing-тің алғашқы турнирінде Қуат Хамитов жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.

Автор
Айбар