Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қуандық Рахым әнін беріле орындаған ауыл баласына ат мінгізді

Қуандық Рахым әнін беріле орындаған ауыл баласына ат мінгізді

Осыдан біраз уақыт әнші Қуандық Рахым әлеуметтік желіде әнін беріле орындаған балақайға іздеу жариялаған болатын. Қуандық Рахым уәдесін орындап, Ақтөбе облысы Мөңке би ауылында тұратын қара бала Бақытбекті концертіне шақырды, деп жазады Kaz.nur.kz

Күні кеше Ақтөбе қаласында Қуандық Рахым мен Альбина Шардарованың концерті өтті. Кешке әншінің ауылдағы концертінде бар ынтасымен ән салған қара бала да келді. Ауыл баласын концертке шақыруды сұраған тыңдармандарының тілегін орындаған әнші елімізде бұл сәтті күтіп отырғандардың көп екенін айтты.

"Соңғы он күнде әлеуметтік желіде қатты танылған балапанымыз бар. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылына концертпен барған едік. Сол кезде бізбен қосылып "Аққуым" әнін шырқаған қара бала Бақытбекті қошеметпен сахнаға шақырайықшы", - деген әнші қошеметпен ауыл баласын сахнаға шақырды.

Сонымен қатар әнші әлеуметтік желіге видеосы тараған Бақытбекті көпшіліктің тағатсыздана күтіп отырғанын айтты.
"Сен қазірден жұлдызсың ғой. Өткендегі джинсы мен күрте қайда? Сені бүгінгі концертке керемет дайындаған екен. Образды қараңыз. Киімді, көзілдірікті қараңыз. Бетіңді сабынмен жақсылап ысқан сияқты. Жақсы ағарып, күшті боп қалыпсың. Қадірлі, ағайын! Бүкіл Қазақстан осы сәтті күтіп отыр. "Қара баламен бірге видео салыңызшы", "Сізбен сахнаға шыққанын көрейікші" деп әсіресе, ата-әжелер, апалар тағатсыздана күтіп отыр",- деді Қуандық Рахым.

"Халықтың алдында Бақытбек бауырыма өз атымнан астына ат мінгіземін. Осы жерде ата-анасы бар, ұстаздары бар кез келген уақытта тұлпарыңды жеткізіп беремін", - деп қосты әнші. 


фото: turkystan.kz
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары