Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ҚР Президенті қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді атады

ҚР Президенті қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді атады
Бүгін Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқын толғандыратын өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік зерттеу қорытындысы белгіленген алты проблеманың арасында бірінші орында коммуналдық қызметтердің жоғары құны тұрғанын көрсетті», - деді Елбасы.

Мұнымен қоса, Президент қазақстандықтарды толғандыратын мәселелердің ішінде қымбат медициналық қызмет көрсету мен білім беру, сондай-ақ білім саласының сапасы бар екенін атап өтті.

«Осылардың барлығын біз зерделеуіміз керек. Жолдау аясында халықтың әл-ауқатын, ең төменгі еңбекақыны көтеретіндігімізді, тұрғын үй құрылысы тақырыбы, газ тарту бағыты аталып өтті. Осы жұмыстар елдің әл-ауқатын көтеруге негізделіп отыр», - деді Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров коммуналдық тарифтер саласына жүргізілген тексерудің нәтижесін жариялады.

«Астанаэнергосбыт» негізсіз тарифтің арқасында елорда тұрғындарынан 2,6 млрд теңгеге артық қаржы алғаны мәлім болды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары