"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қожағапанов пен Көккөзоваға қатысты сот шешімі шықты

Қожағапанов пен Көккөзоваға қатысты сот шешімі шықты

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы белгілі продюсер, Success K ивент-агенттігінің директоры Ляззат Көккөзова мен Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановтың шағымын қарады, деп хабарлайды Kznews.kz

Көккөзова мен Қожағапановтың ісін Жарас Арыстанбеков, Алихан Қасенов және Нұрлан Баяхметовтен құралған алқа қарады.

Нәтижесінде Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Еске салайық, 2025 жылғы 19 мамырда Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі межрайондық соты Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп, ал Success K компаниясының директоры Ляззат Көккөзованы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпты деп таныған болатын.

Іс Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын Петропавлда ұйымдастырумен байланысты. Тергеу нұсқасына сәйкес, дайындық барысында жұмыс құны негізсіз көтеріліп, мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

Сот шешімімен Қожағапанов 3 жылға, ал Көккөзова 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.