| Математика | | | |
| Сабақтың тақырыбы | Қосу және көбейту кестелерін есептеулерде қолдану |
| Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,оқулық |
| Сабақтың жабдығы | суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. |
| Жалпы мақсаттарОқыту нәтижесі | Міндеттері: 1.Оқушылардың қосу мен көбейту кестелерін қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру.2. Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.3. Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.Оқытуда қолданылған әдіс-тәсілдер |
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
| Бағалау парақшасымен таныстыру |
| Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. |
| Ынтымақтастық атмосферасы | Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.Мен бақытты баламын,Жан дүниемде күн нұрлыЖылуым мол бойымда. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
| Үй тапсырмасын пысықтау | Көбейту кестесін еске түсіру | Оқушылар ауызша орындайды |
| Жаңа сабақ | Оқулықта берілген тапсырмаларды топқа бөліп орындауШығармашылық тапсырма№1 карточка(40,50,60,70,80,90 сандары 3-ке,4-ке,5-ке,6-ға көбейтілген)№2 карточка240+(118-80)*3 650-420:(30*2)1000-147*2+365 598-(600-89-123) 659-429:3+358 665+225:5-24*4906:3+235 256*4-236 |
| Сергіту сәті | Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыныБасына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады. | Бірінші байлық - денсаулық.Екінші байлық - еркіндікҮшінші байлық - тіл байлықТөртінші байлық - қайрат-күшБесінші байлық - ақ жаулықАлтыншы байлық - балаңызЖетінші байлық - жүз саулық |
| Ой толғаныс | Деңгейлік тапсырмалар:( 1-топ)Дарынды оқушыларға карточкалар беріледі.Есепті шығар.а)Автопаркте 8 үлкен автобус,ал одан 10 есе артық шағын автобус бар.Автопарктегі шағын автобустардың үлкен автобустардан қаншасы артық?ә) Есептің шартына басқа сұрақ қой және есепті шығар.(2-топ.жақсы оқитын оқушылар)б) үш жәшікте 300 алма бар.Осындай 5 жәшікте неше алма бар. |
| Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? |
| Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
| Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | Бағалау парақшасын толтырады |
| Кері байланыс | | |