Жантүршігерлік жағдайдың видеосын жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде жариялап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кадрлардан қызметкердің қарт кісіге қатыгездікпен қол көтеріп жатқанын анық көруге болады.
Марқұмның қызының айтуынша, жанжалға әкесінің ғимарат ішінде темекі шегуі себеп болған.
«Әкемді темекі тартқаны үшін соққыға жыққан. Салдарынан оның оң бүйрегі жыртылып, оны алып тастауға тура келді. Сондай-ақ 11-ші және 12-ші қабырғасы сынған. Қазір жағдайы өте ауыр», – дейді ол.
Полиция аталған дерекке қатысты қасақана ауыр дене жарақатын салу бабымен қылмыстық іс қозғады. Облыстық ПД мәліметінше, күдікті бастапқыда изоляторға қамалғанымен, кейін үйқамаққа жіберілген. Тергеу жалғасуда, жақын күндері іс сотқа жолданбақ.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қарияның қазіргі жағдайына қатысты түсініктеме берген жоқ.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, медициналық мекемелердегі тәртіп пен қызметкерлердің жауапкершілігіне қатысты сын пікірлерді күшейтті. Қоғам белсенділері қарт адамға жасалған зорлықты қатаң жазалауды талап етіп отыр.