"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген ер адам сотталып кетті

Қостанайда дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген ер адам сотталып кетті

Оған қатысты сот үкімі жарияланды

Қостанай облысында дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген Абылайхан Сәрінжіповке қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Kznews.kz

«Алау» басылымының мәліметінше, оған ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп жазады.

Сол сияқты ол моральдық зиян үшін екі миллион теңге және адвокат қызметі үшін 500 мың теңге өтеуі тиіс.

Тергеу барысында белгілі болғандай, оқиға болған күні Сәрінжіпов ауруханаға бүйрек ауруына байланысты жеткізілген. Біраз уақыт күткен соң оны дәрігер Кистанов қабылдаған. Алайда қабылдау кезінде екеуінің арасында сөзталас туындап, науқас дәрігердің ауыз тұсына жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан Кистанов жерге құлап, басымен қабырғаға соғылған. Салдарынан дәрігер ауыр халде жансақтау бөліміне түскен болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.