KZNews.kz
Қоғам

Қостанай облысында жүк көлігі 4 жастағы баланы қағып кетті

Ayzhan Sylanova
Фото: zhaikpress.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, велосипед тізгіндеген бүлдіршін жол бойымен келе жатқанда, сол бағытта қозғалып бара жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы жағдайға байланысты полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі — «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары