Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда алты жасар баланы көлік қағып, мерт болды

Алматыда алты жасар баланы көлік қағып, мерт болды
Фото: ашықдереккөз

Елорда полиция департаментінің алдын ала ақпаратына сәйкес, Dongfeng маркалы жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі аула ішінен өтіп бара жатып, велосипедпен келе жатқан баланы қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бүлдіршін шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қайғылы оқиғаға байланысты бала өліміне себеп болған жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жағдай — соңғы уақытта балаларға қатысты орын алған бірнеше жол апатының бірі ғана.

21 сәуірде Атырау облысының Индербор ауылында тағы бір бала жол апаты салдарынан көз жұмды. Lada Priora көлігін тізгіндеген 30 жастағы азамат үш жасар баланы қағып кеткен. Сәбиді ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізгенімен, ол қайтыс болды.

Сол күні кешкісін Оралда КамАЗ жүк көлігі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған алты жасар баланы қағып кетті. Бала ауыр жарақат алған.

Ал 2 сәуірде Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында жеті жасар қыз жүк көлігінің астында қалып, оқиға орнында мерт болды.

Бұл оқиғалар балалардың жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін көрсетіп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.