"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда жоғалып кеткен қызға қатысты тың ақпарат шықты

Қостанайда жоғалып кеткен қызға қатысты тың ақпарат шықты

Қостанайда жоғалып кеткен бес жастағы қызды іздеу шаралары жалғасуда. Бүлдіршінді соңғы рет көрген куәгерлер табылды, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Zakon.kz хабарлауынша, полиция қызметкерлері бала жоғалғаннан бастап хронологияны минут сайын жаңғыртып отыр.

Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Қайрат Бисембин қыздың таңғы жетіде ас үйдің екінші қабатының терезесінен шығып, газ құбыры көмегімен күнқағарға түсіп, күнқағардан ағашқа мінгенін айтты.

Осы уақытта ауладағы шуға елеңдеп, есік алдына шыққан көрші ағаштан баланы түсіріп алған. Ер адам баланы көтеріп алып, пәтеріне апарады. Ол есікті қағып тұрғанда қыз бала сытылып шығып, көшеге қарай жүгіре жөнелген.

08: 04 - бала бейнебақылау камерасына түскен және оны ауыл тұрғыны көрген. Содан кейін қыз Қостанай-Веденка тас жолына қарай жүгіреді;

08:06 - тағы бір куәгер қызды орталық көшеден көрген;

08:24 - баланы ауылға қарай келе жатқан тракторшы көреді;

08: 30 - қызды ауылға қарай келе жатқан велосипедші көреді.

Бүгін іздеу шараларына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен шекара әскерлері қосылды. 

Автор
Айбар